Ссылки доступа

Лас-Вегастағы атыстан екі адам қаза тауып, ондаған адам жараланды


Лас-Вегас ойынханасында 1 қазанда болған атыстан екі адам қаза тауып, ондаған адам жараланды деп хабарлады қала полициясы. Қайғылы оқиға Route 91 Harvest Festival кантри-музыка фестивалінде болған. Шабуыл жасады деген күдіктілердің бірі оққа ұшқан.

Зардап шеккендерді қабылдап жатқан госпиталь өкілі Данита Когеннің хабарлауынша, ауруханаға 26 адам түскен.

Лас-Вегастағы Mandalay Bay ойынханасы мен қонақүйі орналасқан аудандағы бульвардың бір бөлігін полиция қоршауға алған.

Оқиғаға байланысты Маккарран халықаралық әуежайына ұшып келетін кейбір рейстер басқа жаққа жіберілген.

Куәгерлердің Twitter-дегі жазбаларында концерт өтіп жатқан кезде бірнеше адамның оқ атқаны айтылады.

Қолданушылардың бірі қонақүй жабылғанын, ал тағы бір қолданушы полицияға сілтеме жасап, қонақүйдің 32-қабатында екі адамның оққағар мен полиция қызметкеріне оқ атқанын жазды.

XS
SM
MD
LG