Ссылки доступа

Қырғызстанда тағы бір ресейлік база құру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр


Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков елдің ғана емес, аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оңтүстікке әскери база құру керек деген пікірін білдірген ресейлік «РИА новости» агенттігіне берген сұхбатында.

Ресейлік журналистің "Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей Тәжікстанмен арадағы шекараға екінші әскери базасын орналастыру керек деген ұсынысына байланысты келіссөздер болды ма?" деген сұрағына премьер-министр "бұл мәселеге қатысты министрлік деңгейінде кеңесу жүріп жатыр" деп жауап берген.

Өткен аптада Қырғызстанның үкімет басшысы ресми сапармен Ресейге барып, әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесіп қайтқан.

Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымы аясында Шу облысының Қант қаласында 2003 жылы ресейлік әскери база ашылған болатын.

XS
SM
MD
LG