Ссылки доступа

Тәжікстанның тіл комитеті Уикипедияны жауапқа тартпақ


Тәжікстанда тіл және терминология жөніндегі комитет Уикипедияның тәжік бөліміне грамматикалық қателіктер жөнінде ескерту жасаған. Комитет мамандары интернет-энциклопедия тәжік тілінің ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады деп ескерту жасады.

Тіл комитеті төрағасының орынбасары Саодатшо Матробиён екі апта бойында Уикипедияданың тәжік тіліндегі материалдарын зерттеп, өте көп қате тапқанын мәлімдеді. Мақала авторлары мен аудармашылар тәжік тілігінің ережелеріне мән бермейді дейді.

Мамандар Уикипедияның тәжік сегменті «Тәжікстанның мемлекеттік тілі туралы» заңы мен үкіметтің N 458 қаулысын бұзып отырғанын айтады.

Тіл комитеті өкілдері интернет-энциклопедия тез арада мәліметтердегі қателерді түзетпесе, заң алдында жауап беретін болады деп ескерту жасады.

Уикипедия — еркін контенттерге арналған көптілді әмбебап интернет-энциклопедия. Сайтты «Уикимедиа қоры» деп аталатын америкалық коммерциялық емес ұйым басқарады. 39 аймақта өкілдігі бар. Тәжік тілінде 69 мыңға жуық мақала мен мәлімет жарияланған.

XS
SM
MD
LG