Ссылки доступа

Өзбекстан банктері жеке тұлғаларға шетел валютасын сатпай жатыр


Дереккөздің хабарлауынша, Ташкент банктерінде жеке тұлғаларға шетел валютасын сатпай жатыр. Үкіметтің 24 қыркүйектегі отырысында премьер-министр Абдулла Әріпов 1 қазаннан бастап, тұрғындарға шетел валютасы сатыла бастайды деп мәлімдеген.

Хабарға қарағанда, 2 қазанда Өзбекстанның «Халк банке» (Халық банк), «Миллий банке» (Ұлттық банк), «Ипотека банке» секілді қаржы институттары жеке тұлғаларға шетел валютасын сатпай қойған.

Ташкенттің тұрғыны Тошбек есімді ер азамат астана халқы шетел валютасын әлі күнге дейін қара базардан сатып алатынын айтады. Бірақ «Қара базар» бұрынғыдай жұмыс істемейді, олар долларды құпия түрде сатады дейді.

Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, Өзбекстан үкіметі Дүниежүзілік банктен нарықты реттеу үшін 1 млрд АҚШ долларына дейін қарыз алмақшы.

XS
SM
MD
LG