Ссылки доступа

Атамбаев қырғыз-өзбек шекарасы жөніндегі заң жобасына қол қойды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қырғыз-өзбек мемлекеттік шекараның 85 пайызын белгілейтін, 1 280 километр жерді анықтайтын заң жобасына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, екі ел арасындағы 1 170 шақырым жер кімге тиесілі екендігі толық анықталған.

1991 жылы Совет Одағы құлап, құрамындағы елдер тәуелсіздік алғаннан кейін, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара толық анықталмай қалған. Бұл көптеген жанжалға, атысқа алып келді.

Екі елдің қарым-қатынасы тек былтыр Ислам Каримов өмірден өтіп, Шавкат Мирзияев президент болғаннан кейін жақсарды.

Мирзияев 5 қыркүйекте Қырғызстанға барған сапары кезінде шекараны делимитациялауға қатысты мәселенің 85 пайызы шешілген құжатқа қол қойған. Қырғызстан парламенті бұл келісімді 28 қыркүйекте ратификациялады. Енді Сох, Шахимардан және Барак жері әлі даулы күйінде қалып тұр.

XS
SM
MD
LG