Ссылки доступа

Дональд Трамп Лас-Вегаста қайғылы оқиғада қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп Лас-Вегастағы қайғылы оқиғаға байланысты халқына үндеу жариялады.

1 қазан күні кешкісін жасалған қарулы қастандықтан 50-ден астам адам өліп, 400-ден астамы жараланған. Лас-Вегас полициясы Стивен Пэддок есімді 64 жастағы жергілікті зейнеткердің Mandalay Bay қонақ үйінің 32-қабатының терезесінен фестивальға қатысушыларға күтпеген жерден қарудан оқ жаудырғанын айтты. Шабуылшыны оқиға орнына жеткен арнайы қызмет сарбазы атып өлтірген. Пэддок түскен қонақ үй бөлмесінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылған.

Трамп полицияның жедел әрекетіне жоғары баға берген. Аза тұтудың белгісі ретінде Ақ үй басшысы мемлекеттік туларды төмен түсіруге бұйрық берді.

Ол дүйсенбі күні Twitter парақшасы арқылы қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

XS
SM
MD
LG