Ссылки доступа

Ресей: Сирияда ИМ-нің "қазақстандық командирінің" көзі жойылды


Ресейлік ақпарат құралдары Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Сирияда ресейлік әскери-әуе күштерінің шабуылынан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының арасында жеті дала командирінің, оның ішінде "Қазақстаннан шыққан содырдың" көзі жойылғанын хабарлады.

"Түрлі деңгейдегі жеті дала командирі, оның ішінде Қазақстаннан шыққан, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Евфрат аңғарындағы шабуылдаушы құрылымының іс-қимылын үйлестірген Әбу Ислам әл-Қазақидың көзі жойылды" деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Коношенков.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күдікті содырлар Ресей әскери-ғарыш күштерінің соңғы екі тәулікте Евфрат өзенінің шығыс жағалауында жүргізген операциясында оққа ұшқан.

"Әуе шабуылында ИМ-нің шетелдік жалдамалыларды жинау және дайындау орталығы талқандалып, Солтүстік Кавказдан шыққан 40 шақты содырмен жасақталған мобильді мергендер тобының көзі жойылды" деді Конашенков ресейлік агенттікке.

XS
SM
MD
LG