Ссылки доступа

Белгілі ғалым Хафиз Бобоёров Тәжікстаннан көшіп кетті


Белгілі тәжік философы Хафиз Бобоёров Германияға қоныс аударды. Ғалым елден кету себебін атамаған.

Хафиз Бобоёров 2011 жылы Бонн университетінің философия факультетінде докторлық диссертация қорғаған. "Менің сол кезде-ақ Германияда қалуға мүмкіндігім болды, бірақ мен еліме қызмет еткім келді. Алты жылдан соң Германияға қайта оралдым", - деді ол Азаттық радиосы Тәжік қызметіне.

Хафиз Бобоёров ресми билікті де, оппозицияны да сынайтын ғалым. 2015 жылы ол президент Эмомали Рахмонға "Ұлт лидері" және "Тәжікстанда бейбітшілік пен ұлт бірлігінің негізін қалаушы" мәртебесінің берілуіне қарсы шықты. Бұл мәртебемемлекет басшысына және оның отбасына қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға жол берді.

Хафиз Бобоёров мақаласы жарияланған соң ол Тәжікстан Ғылым Академиясына қарасты Қазіргі үрдістерді зерттеу және бағалау жөніндегі орталық жетекшісі қызметінен босатылды.

XS
SM
MD
LG