Ссылки доступа

Өзбекстанда заңсыз абортқа қатысты сотта инцест оқиғасы ашылды


Самарқан облысы қылмыстық істер жөніндегі сотында екі дәрігердің ісі қаралып жатыр. Оларға "заңсыз аборт жасады" және "абортпен алынған ағзаны перзетнтхана пешінде өртеуге талпынды" деген айыптар тағылған. Сот отырыстарының бірінде жасанды түсік жасатуға келген төртеудің екеуі инцест нәтижесінде жүкті болғаны анықталды.

Самарқандық блогердің хабарлауынша, 16 наурызда дәрігерлер жасанды түсік арқылы алынған төрт ағзаны перзентхана пешінде өртеуге тырысқан, бірақ газ қысымы аз болғандықтан денелер толық өртелмей қалған. "Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, 17 жастағы қызды 24 жастағы ағасы зорлағаннан соң жүкті болған. Бойжеткен баланы алдырту үшін жекеменшік клиникалардың біріне жүгінген", - деді жергілікті блогер.

Оның айтуынша, жасанды түсік жасатуға өтініш білдірген төрт әйелдің екеуі инцест құрбаны болған.

XS
SM
MD
LG