Ссылки доступа

Путин бес жылда алғаш рет Түркіменстанға барды


Ресей президенті Владимир Путин 2 қазанда ресми сапармен Түркіменстанға барды. Бұл оның соңғы бес жылда Түркіменстанға жасаған алғашқы ресми сапары. Ашхабадқа Путинді әріптесі Гурбангұлы Бердымұхамедов шақырды.

Екі президент кездесуінде не талқыланғаны әзірге белгісіз. Кремль баспасөз қызметі бұл келіссөздерде түрлі салалардағы әріптестік мәселелері қаралды деумен шектелді.

Түркіменстанның ресми баспасөзі де мардымсыз мәлімет таратты. "Жоғары деңгейдегі кездесу кезінде мемлекетаралық байланыстың басым бағыттары талқыланды", - деп хабарлады Түркіменстанның ресми баспасөзі.

Ашхабад пен Мәскеу арасындағы екі жақты қарым-қатынас жемісті деуге болмайды. 2016 жылдың басында Ресей түркімен газын саптып алудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG