Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойерт ғимаратты қарау құлыптарды бұзбай, арнайы қызметтің қатысуынсыз өткенін айтады. АҚШ билігі ресейлік дипломаттарға ғимаратты босату үшін, 1 қазанға дейін уақыт берген.
Таяуда Ресей СІМ америкалық билік Сан-Францисконың консулдығына "басып кірді" деп мәлімдеме жасап, наразылығын білдірген. Ресейлік тарап ғимараттың есігін бұзып кірді деген болатын.
Биыл шілде айында Кремль Конгрестің Мәскеуге қарсы санкцияларын ұзартуға жауап ретінде, АҚШ-тан елшілік және консулдықтағы қызметкерлерді қысқартуды талап еткен болатын. Вашингтон болса, Сан-Францискодағы бас консулдықты және Вашингтон мен Нью-Йорктегі өкілдікті жабатынын мәлімдеген. АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Джон Теффт Азаттық радиосына берген сұхбатында "ресейлік дипломаттарға қысым көрсетіп жатыр" деген ақпараттың жалған екенін айтқан.