Ссылки доступа

Алматы түбінде ұшақ құлап, 5 адам қаза тапты


Санитарлық авиация қызметінің ұшағы Алматы түбінде, Іле ауданында апатқа ұшырап, жанып жатқан күйі табылды. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, электр бағандарының сымдарын үзіп барып құлаған ұшақтағы бес адам түгел қаза тапқан

Санитарлық авиацияның Ан-28 ұшағы 3 қазанда кешкі сағат 18.35-те Алматыдан Шымкентке қарай 28 шақырым қашықтыққа ұшып шыққан соң 12 минуттан кейін локатордан жоғалып кеткен.

Апатқа ұшыраған ұшаққа қызмет көрсетіп келген East Wing әуе компаниясының мәліметі бойынша, бортта бес адам болған. Олар - әуе кемесінің командирі Геннадий Ше, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшебек Акматбаев және екі медицина қызметкері болған.

XS
SM
MD
LG