Ссылки доступа

Бішкек орталығында бұқаның шабуылынан бір әйел зардап шеккен


Бішкектің орталығында бұқаның шабуылынан бір әйел зардап шеккен. Бұл жөнінде жедел жәрдем станциясы хабарлады.

Зардап шегушіге "ағзаның жұмсақ тініне зиян келді" деген диагноз қойған.Әйелді қорғаймын деген құқық қорғаушы өкілі де аздап жарақат алған. Бірақ ол дәрігерлік көмекке жүгінбеген.

3 қазанда әлеуметтік желілерде көшеде кезіп жүрген бұқаның видеосы жарияланған.

Астананың ішкі істер басқармасы бұқаның иесін тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, үй жануары иесінің зардап шеккен әйелге өтемақы төлеу мәселесі қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG