Ссылки доступа

Президент Атамбаев Ташкентке 5-6 қазанда барады


Қырғызстан президент Алмазбек Атамбаев президент Шавкат Мирзияевтің шақыртуымен Өзбекстанға 5-6 қазанда барады.

Өзбекстан баспасөзінің мәліметіне қарағанда, жоғары деңгейдегі өзбек-қырғыз диалогы Атамбаевтың Ташкентке сапары барысында жалғасады. Мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту, аймақтағы және әлемдегі саясаттың өзекті мәселелерін талқылайды.

Мемлекет басшылары Ташкентте Өзбекстан мен Қырғызстанның өндіріс тауарлары көрмесін аралайды.

Президенттердің келіссөздері нәтижесін Бірлескен декларация қабылданады.

Сапар аясында түрлі салаларды қамтитын екі жақты құжаттарға қол қойылады.

XS
SM
MD
LG