Ссылки доступа

Бішкек пен Ошта Өзбекстанның мәдени күндері өтеді


Қырғызстан мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан мәден күндері Бішкекте 6 қазанда басталады.

Бұл күні астанаға Өзбекстан делегациясы келеді, "Октябрь" кинотеатрында "Айдағы қыз туралы ертегі" фильмі көрсетіледі. 6 қазанда кешкісін Ұлттық филармонияда Өзбекстан таланттары концерт береді.

7 қазанда Мәдениет күндері Ош қаласында жалғасады. Бұған қоса, Ұлттық драма театрында концерт ұйымдастырылады. "Өзбекстан: қазір" сурет көрмесі өтеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы 2016 жылы күзде қайта жақсара бастады.

XS
SM
MD
LG