Ссылки доступа

Тәжік шенеунігі жарты миллион доллар парамен ұсталды


Тәжікстанның экономикалық даму министрлігінің Аймақтарды дамыту басқарма басшысының орынбасары Аскар Нурализода аса ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлады 3 қазанда Тәжікстанның қаржы полициясы.

Агенттіктің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, шенеунік 490 мың доллар пара алу кезінде ұсталған. Ол 28 қыркүйекте Душанбеде "Афсона" мейрамханасында қолға түсті. Қаржы полициясының қызметкерлері оның үйінен тағы 10 мың доллар тапқан.

Ресми ақпарат бойынша, Аскар Нурализода Хатлон облысында бір ауданда құс шаруашылығын дамытуды мемлекеттік бағдарламаға енгізу үшін 1 миллион доллар сұраған.

Бұған қоса, шенеунік әйеліне астананың жаңа ауданынан 70 мың долларға пәтер алып беруін талап еткен.

"Пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG