Ссылки доступа

Түркіменстан президенті прокурорлар мен судьяларды ауыстырды


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов прокурорлар мен судьяларды қызметтен босатып, жаңаларын тағайындау туралы қаулыға қол қойды.

Бұл құжат 3 қазанда Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданған. Жиналыста әскер және құқыққорғау органдары атқарған жұмыстардың қорытындысы талқыланды.

Жаңа тағайындаулар қарсаңында елдің бас прокуроры мен Жоғарғы сот төрағасының есебі тыңдалған соң жасалды.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік және жеке құрылым өкілдері тарапынан заң бұзушылыққа жол бермеуді талап етті", делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, жыл басында Түркіменстан үкіметі сыбайласқан жемқорлықпен күрес туралы жариялады. Содан кейін мемлекеттік органдарда жаңа тағайындаулар басталды.

XS
SM
MD
LG