Ссылки доступа

Тәжік азаматын милиция ғимаратын жаруды жоспарлады деген айыппен соттады


Тәжік азаматы Шерзод Нормамадов милиция мен прокуратура ғимаратын жарып жіберуді жоспарлады деген айыппен 20 жылға сотталды.

​Сот мәліметі бойынша, 2015 жылы Нормамадов Мәскеуге нәпақа табуға барып, сол​ жерде Өзбекстан ислам қозғалысына (ӨИҚ) қосылған. Сол жерде ол ұйымның мәскеулік әмірінен милиция мен прокуратура ғимаратын жару туралы тапсырма алынған делінеді. Оған Қырғызстанның Баткен облысындағы жақтастары жарылғыш зат тауып беруге уәде берген.

Сот материалдары бойынша, өткен жылдың аяғында Нормамадов Тәжікстанға оралған.

Оның адвокаты істің құпия белгісі барына сүйеніп, бұған қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Сот процесі кезінде айыпталушы теракт жасауды жоспарламағанын мәлімдеді. Ол алдын ала тергеу кезінде берген жауаптары бұрмаланған деді. Сотта Нормамадов теракт жасауға дайындық кезінде қырғыз жақтастарымен құпия сөздермен тілдескен деп айтылды.

XS
SM
MD
LG