Ссылки доступа

Алмазбек Атамбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға ұшып шықты


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 5 қазанда мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына ұшып шықты.

Мемлекет басшысы аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, сапар барысында Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері кездесіп, екі ел қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайды.

Бұған қоса, президенттер екі елдің өндірістік өнімдерінің көрмесін аралайды.

Атамбаев сапары барысында қауіпсіздік, қорғаныс, экономикалық қылмыспен күрес мәселелерін қамтитын құжаттар қабылданады.

Еске салайық, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қыркүйектің басында Бішкекке сапары кезінде Алмазбек Атамбаевты елге шақырған.

XS
SM
MD
LG