Ссылки доступа

АҚШ-тың барлау жөніндегі комитеті Ресейдің сайлауға ықпал еткені туралы мәлімдемелерге сенеді


АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті америкалық барлау қызметінің өткен жылғы президенттік сайлауға Ресейдің ықпалы болғаны туралы мәлімдемелеріне сенеді. Бұл туралы республикалықтар комитетінің төрағасы Ричард Бёрр мәлімдеді.

Оның айтуынша, тергеу әлі жалғасып жатыр. Комитеттегілер Дональд Трамп тобының ресейлік шенеуніктермен байланысы бар-жоғын анықтауға тырысып жатыр. Бұған қоса ол Google, Twitter және Facebook интернет-корпорациялары тыңдаулардың біріне қатысатынын айтты.

Сенаттың барлау жөніндегі комитетінің тағы бір жетекшісі - демократ Марк Уорнер америкалық билікті АҚШ сайлау жүйесін қорғау мәселесінде қатаң әрекет етуге шақырды.

Биыл қаңтар айында АҚШ барлау қауымдастығы ресейлік хакерлік шабуылдардың АҚШ-тың президенттік сайлау науқанына әсері болған деген тұжырымын жариялады.

XS
SM
MD
LG