Ссылки доступа

Озода Рахмон президент әкесіне бейне құттықтау жолдады (видео)


Тәжікстан президенті әкімшілігінің жетекшісі әрі Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон әкесіне бірінші рет бейне құттықтау жолдады. 5 қазанда Тәжікстан президенті 65 жасқа толды.

Озода Рахмон жолдауында әкесін «дана», «әділетті», «ұстаз әрі тәрбиеші» деп атаған. Ол әкесінің мерейлі жасы отбасының басын қосуға себеп болғанын айтқан. «Біз – Сіздің балаларыңыз және немерелеріңіз Отанымызға және қымбатты тәжік халқына адал қызмет етеміз деп уәде береміз», - деген тәжік президентінің қызы.

​Эмомали Рахмон - пост советтік елдердің президенттері ішінде көп балалы әке.

Орталық Азия лидерлері үшін мемлекеттік жоғары лауазымды қызметке балалары мен туыстарын тағайындау дәстүрге айналып кеткен.

XS
SM
MD
LG