Ссылки доступа

Ташкент – Әндіжан – Ош – Қашғар бағыттары бойынша жүк тасымалын ашу туралы келісімге қол қойылды


Қырғызстан мен Өзбекстан Ташкент – Әндіжан – Ош – Қашғар бағыттары байынша жүк тасымалын ашу туралы келісімге келді. Құжатқа Қырғызстанның көлік және жолдар министрі Жамшітбек Қалилов пен Өзбекстанның сыртқы сауда министрі Эльер Ганиев қол қойды.

Келісімнен кейін тараптар бұл шара Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай арасындағы сауда байланысын жақсартуға себеп болады деп атап өтті.

Қырғызстан мен Өзбекстанның билік өкілдерінің кездесу барысында Орто-Токой су қоймасын пайдалану жөніндегі келісімді қарау кейінге қалдырған.

Екі ел стратегиялық әріптестік, сенімді арттыру, екі ел халқының достығын нығайту секілді бас-аяғы 12 келісім мен декларацияға қол қойған.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстанға сапары 5 қазанда басталып, 6 қазанға дейін жалғасады.

Қыркүйек айының басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ресми сапармен Қырғызстанға барған болатын.

XS
SM
MD
LG