Ссылки доступа

Назарбаев "Байқоңыр" ғарыш айлағының даму барысымен танысты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында қазақстандық-ресейлік "Бәйтерек" жобасымен және "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ресеймен ынтымақтастық тұжырымдамасының жүзеге асырылуы барысымен танысқан.

«Ресей тарапымен келісім аясында кешенді дамытуға арналған стратегиялық бағытымыз анықталған. Жұмысты арнайы құрылған үкіметаралық комиссия үйлестіреді. Нақты қадамдар жасалынып жатыр», — деген президент Назарбаев.

Байқоңыр ғарыш айналғынан үкіметаралық "Бәйтерек" зымыран кешенін құру туралы келісімге 2004 жылы қол қойылған болатын.

XS
SM
MD
LG