Ссылки доступа

Түркіменстан билігі түрмеде өлген екі экс-шенеуніктің денесін туыстарына берді


Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов тұсында жоғары лауазымды шенеунік болған екі сотталушының денесі туыстарына берілген. Екеуі де түрмеде қаза тапқан.

Дереккөздің мәліметі бойынша, "Түркіменмұнай" мемлекеттік компанияның бұрынғы басшысы Сапармаммед Уелиев пен бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік министрі Поран Бердыев түрмеде қаза тапқан. Олардың денесі жерлеу үшін, туыстарына берілген.

"Оларды тірідей көрсет!" деп аталатын халықаралық кампанияның ақпараты бойынша, Уелиев 2005 жылдың 19 қыркүйегінде Түркіменстан Жоғарғы сотының шешімімен 24 жылға сотталған. Осыдан кейін оның туыстары Уелиевті көрмеген. Тіптен оның қайда отырғанын да білмей келген.

Сапамаммед Уелиев сотталғаннан кейін, мүлдем хабар-ошарсыз кеткен тұтқындардың бірі болған.

Поран Бердыев болса, 2000 жылдан бері бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. Оның ішінде ішкі істер министрі және ұлттық қауіпсіздік министрі болған. Соңғы қызметінде ол елдің батыс облысын басқарған.

XS
SM
MD
LG