Ссылки доступа

Ресейдегі автобус апатында бір қазақстандық қаза тапты


Иллюстративное фото.

Ресейде жолаушылар автобусның пойызбен соқтығысуынан қаза тапқандар арасында Қазақстанның бір азаматы бар деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Оның Facebook-те жазуына қарағанда, Владимировск облысында апатқа ұшыраған автобуста соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанның 55 азаматы және екі жүргізуші - Қазақстан азаматтары болған. Жүргізушінің бірі қаза тапқан, екіншісі Покров қаласындағы уақытша тұру пунктіне орналастырылған.

"Қазақстан дипломаттары Ресейде қаза тапқан және зардап шеккен қазақстандықтардың туыстарына көмек көрсетеді" деп жазды Жайнақов.

Бұған дейін Владимировск облысында жолаушылар автобусының пойызбен соқтығысуынан 15 адам қаза тауып, бес адам жараланғаны хабарланған. Mercedes маркалы қазақстандық автобус Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Владимирск облыстық ішкі істер басқармасының ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 6 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 03 сағат 29 минутта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус "Покров" станциясында теміржолдың жүруге тыйым салатын белгісін елемей, өткелге шығып кетіп, оны Санкт-Петербург - Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойыз соққан.

XS
SM
MD
LG