Ссылки доступа

Сот "24.kg" агенттігі мен экс-депутат Кабай Карабековтен 5 млн сомнан өндіріп алуға үкім етті


Бішкек қаласы Свердловский районының соты президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбековтің «24.kg» агенттігі мен Жогорку Кенештің экс-депутаты Кабай Карабековке жазған арызын қарап, оларды 5 млн сомнан (73 мың доллардан астам) өтемақы төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін үміткердің сайлау штабының баспасөз қызметі Жээнбеков оның "радикалды араб ұйымдарымен байланысы бар" деген мазмұндағы материал авторын сотқа бергенін хабарлаған. Бұл материалды «24.kg» сайтына Кабай Карабеков жариялаған.

"Арыз өтемақысы көп емес. Өйткені мұнда президенттік сайлау, елдің алты жылы туралы сөз болып отыр", - деп хабарлады үміткер штабының баспасөз қызметі.

Жээнбеков арызынан соң бұл мақала «24.kg» сайтынан алып тасталынды.

XS
SM
MD
LG