Ссылки доступа

НАТО Бас хатшысы: «Біз Ресеймен суық соғыс болғанын қаламаймыз»


НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейден тікелей қауіп көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен ол Қырымның аннексиясы мен Украина шығысындағы тұрақсыздықтан соң Ресеймен қарым-қатынас суып кеткенін атап өтті.

Столтенбергтің айтуынша, НАТО-да Ресейге қатысты екі түрлі көзқарас бар. НАТО суық соғыс болғанын қаламайды, бізге қарулану жарысына қайта оралудың қажеті жоқ, деді ол. "Біз диалог өткізетін арналарды сақтап қалдық", - деді ол.

Столтенбергтің айтуынша, Украинаның шығысындағы бақылаушылар соғыс болып жатқан барлық аймаққа бара алуы керек.

НАТО Бас хатшысы соңғы жылдары Ресей әскери әлеуетін арттырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Ресей әскери күшін көршілеріне, әсіресе Украинаға қарсы қолдана алатын болып шықты. Сол себепті НАТО-ға Ресейге қатысты байсалды шешім қабылдауы керек болады.

XS
SM
MD
LG