Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғыны әйелі мен қызын ауыр жаралап, өзі асылып өлген


Бохтар ауданының 71 жастағы тұрғыны әйелі мен кәмелет жасқа толмаған қызын пышақтап, одан соң асылып өлген. Олар саяжай учаскесі үшін жанжалдасып қалған.

Оқиға 5 қазанда түнде Гулзор елді-мекенінде болған, деп хабарлады Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметі.

Отбасылық жанжал кезінде 71 жастағы Абдурахмон Бадиев 45 жастағы әйеліне бес мәрте пышақ сұғып, одан соң 16 жастағы қызын төрт мәрте пышақтаған. Ауыр жараланған екеуі ауруханаға жеткізілді. Әкесі ағашқа асылып қалған.

Әйелі қыздарына шағын жер учаскесін бөліп беруін сұраған. Бұның соңы жанжалға ұласқан.

XS
SM
MD
LG