Ссылки доступа

Өзбек түрмесінен оппозициялық белсенді Агзам Тургунов босап шықты (видео)


7 қазанда Өзбекстан билігі түрмеден оппозициялық "Эрк" демократиялық партиясының белсендісі, тіркелмеген "Мазлум" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Агзам Тургуновты түрмеден босатты. Ол 2008 жылы "ақша бопсалады" деген айыппен тоғыз жылға сотталған еді. Тургуновтың түрмеден шыққаны туралы "Орталық Азиядағы адам құқығы" ұйымының төрайымы Надежда Атаева өзінің Facebook'тегі парақшасында хабарлады.

Сәл кейінірек Ташкенттегі "Эзгулик" адам құқығын қорғау ұйымының белсендісі Әбдурахман Ташанов Facebook'тегі парақшасында Агзам Тургуновпен бірге түскен видеосын жариялады.

Тургунов ұсталған соң 18 күн бойы ол туралы мәлімет болмады. Оны тергеу кезінде арқасына ыстық су құйып қинаған. Оппозициялық белсендіні жалпы режимдегі колонияға тоғыз жылға соттады.

Айта кетерлік жайт, Өзбекстанда соңғы бірнеше күнде үш саяси тұтқын бостандыққа шықты. Халықаралық ұйымдар олардың барлығын қолдан жасалған айыптармен соттаған деп есептейді.

XS
SM
MD
LG