Партияның орталық атқару комитеті Асқар Нұрәлізоданың астанананың Исмоили Сомони аудандық кеңесіндегі депутат ретіндегі өкілеттігі шұғыл түрде тоқтатылғанын мәлімдеді. Ол аудандық кеңестің депутаты болған екен.
Коррупцияға қарсы күрес мекемесі 3 қазанда Асқар Нұрәлізода 490 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып тұрған кезінде ұсталғанын мәлімдеді.
Оны ұстау 28 қыркүйекте «Афсона» мейрамханасында болған екен. Үйін тәркілеу кезінде қосымша 10 мың АҚШ долларын тапқан. Шенеунік әйелі үшін жаңа тұрғын үй кешенінен 70 мың доллар тұратын пәтерді де алып беруді талап еткен.
Коррупцияға қарсы күрес мекемесінің таратқан мәліметіне қарағанда, Асқар Нұрәлізода кәсіпкерден кәсібін инвестициялық даму бағдарламасына енгізу үшін 1 миллион доллар пара сұраған.