Ссылки доступа

Атамбаев Сочиге бармайтын болды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сочи қаласына (Ресей) бармайтын болды. Қырғыз басшысының жұмыс сапары 10-11 қазанға жоспарланған еді. Бұл туралы мемлекет басшысының аппараты хабарлады.

Атамбаев Сочиде ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің жиналыстарына қатысуы керек болған.

"Жекелеген саясаткерлердің қылмыс әлемінің көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздікке дайындалғаны туралы фактілер тіркелгенін, бұған қоса мұндай саясаткерлердің шетелден қаржылай қолдауын ескере отырып, президент ел қауіпсіздігі мен тәртіпті жеке өзі бақылау үшін жұмыс сапарынан бас тартты", - делінген ресми хабарламада.

Атамбаевтың тапсырмасымен, Сочидегі жиындарға қатысатын делегацияны премьер-министр Сапар Исаков бастап барады.

Қырғызстандағы президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG