Ссылки доступа

Өзбекстанда екі студентті пышақтап кеткен студентті іздестіріп жатыр


Knife, blood, murder
Knife, blood, murder

Ташкент заң колледжінде оқитын студент курстастарымен сөзге келіп қалып, екеуін пышақтап тастаған. Оның бірі сол жерде өліп кеткен, ауыр жараланған екіншісі ауруханаға жеткізілген.

Оқиға 6 қазанда таңертең заң колледжінің асханасында болған. Милиция шабуылдаған студентті іздестіріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, үшінші курста оқитын студенттер ерегісіп қалған, кейін студенттің бірі пышақпен курстасының бөксе тұсынан ұрған, одан соң екінші курстасына пышақ сілтеген.

Колледж мұғалімінің сөзіне қарағанда, олар бұрыннан бері өштесіп жүрген. "Қайтыс болған оқушының әкесі Ресейде жұмыс істейді. Ол момын бала еді. Жараланған баланың әке-шешесі де қарапайым адамдар. Қазір жанжал себебін анықтап жатырмыз", - деді ол.

XS
SM
MD
LG