«Аладағы жеті жылда 240 млрд манат инвестиция құямыз. Мұнайгаз саласына 159 млрд манат бөлеміз», - деді Бердімұхамедов. Ол бұл жөнінде ақсақалдар кеңесінде мәлімдеді.
Әлем бойынша табиғи газ қорынан төртінші орын алатын Түркіменстан 2016 жылы Ресей газ алуды тоқтатқаннан кейін, Қытайға тәуелді болып қалды. Бердімұхамедов таяу уақытта аккумулятордан қуат алатын электр қозғалтқыш - электрокар өндіреміз деп уәде етті. Ол сонымен бірге мемлекеттік субсидияларды біртіндеп қысқарту арқылы кірісті ұлғайтамыз дейді.
Түркімен лидері мемлекет қаражатын үнемдейтін уақыт келгенін де жеткізген.