Ссылки доступа

Ресей Бас штабының делегациясын АҚШ-қа жібермеді


Ресей Бас штабы делегациясына америкалық виза бермей қойды.

Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Андрей Третьяк және басқа да генералдар БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қытай өкілдерімен бірге АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғанысын кеңейту мәселелеріне арналған брифингке қатысуды жоспарлаған.

Бұл туралы Нью-Йоркте Ресей қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери әріптестік бас басқармасының басшысы Александр Емельянов хабарлады. 12 қазанда ол Ресей-Қытай кездесуінде осылай деді. БҰҰ Бас Ассамблеясындағы жиынға Ресей қорғаныс министрлігінен бірнеше адам ғана қатысты, біра Бас штаб делегациясын АҚШ-қа кіргізбей қойған.

XS
SM
MD
LG