Ссылки доступа

Ресейде өзбек отбасы үйіне қайтуға билет алу үшін нәрестесін сатпақ болған


10 қазанда Ресейдің Воронеж облысында 29 жастағы әйел мен оның 39 жастағы азаматтық некедегі күйеуі 30 мың рубльге (шамамен 520 АҚШ доллары) қызын сатпақ болған жерде ұсталды. Тергеу кезінде олар Өзбекстанға қайтуға билет алу үшін, нәрестесін сатуға тура келгенін айтқан.

Баланы сатып алушы полицияның арнайы бөлімшесінің қызметкері болған. Ол 10 қазанда баланың ата-анасына ақша беріп, сенімхат жазып алған. Кейін Өзбекстанның екі азаматы ұсталған.

Воронеж облысы тергеу комитетінің өкілі Елена Мануковская ерлі-зайыпты жаңа туған нәрестесін 30 мың рубльге бағалағанын айтады. Сәбиді ауруханаға жеткізген екен.

Тергеу ісінің алдын ала қорытындысы бойынша, өзбекстандық әйел 8 қыркүйекте дәрігердің көмегінсіз, жалдап тұрған пәтерінде қыз туған. Ата-ана заңды некеде тұрмағаннан кейін, қызға туу туралы куәлік алмаған.

Тергеушілердің ақпаратына қарағанда, ерлі-зайыпты сәбиін сату туралы шешім шығарып, таныстары арқылы сатып алушы іздеген. Тергеу кезінде олар Ресейде тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін, үйіне қайтуға ақша іздегенін айтан.

Сонымен бірге 39 жастағы ер адам қыздың өзінен екеніне күмән келтіріп, баланы сатуға мәжбүрлеген. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG