Тізімде 319 гей мен 48 лесби бар екен. «Олардың гомосексуал екендері дәлелденді. Жедел есепке алынды»,- деп жазады басылым.
Тәжікстанның ІІМ бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ аты-жөнін айтпауды сұраған құқық қорғау органдарының өкілі олардың бәрі жезөкше ретінде тіркелгенін әрі ВИЧ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндіктері жоғары екенін айтады.
2015 жылдың мамыр айында СПИД-пен күрес жөніндегі ғаламдық қор Тәжікстанда 30 мыңға жуық ер адамның ВИЧ және құрт індетімен ауыратынын мәлімдеген. Бірақ ІІМ оны жоққа шығарған.