Ссылки доступа

Хорезм билігі ұрлық жасағаны үшін жазаланған әйел туралы видеоны "жаулардың қастандығы" деп атады (видео)


Видеодағы көрініске қарағанда, саудагерлер ұрлық жасаған әйелді жазалап жатыр. Оқиға 7 қазанда Үргеніш қаласының базарында болған. Видео әуелі әлеуметтік желі арқылы таралып, кейін оны ресейлік РЕН ТВ телеарнасы көрсетті.

Өзбекстанның Хорезм облыстық әкімдігінің өкілі мұндай оқиға Хорезмде болуы мүмкін емес деп, видеоны "жаулардың қастандығы" деп атады.

Үргеніштегі базарда орналасқан дүкен қожайыны бұл оқиға 7 қазанда базар аумағында болғанын растады.

Оның сөзіне қарағанда, 17 жастағы колледж оқушысы дүкендердің бірінен киім ұрлаған. Саудагерлер оны жазалаған. Үргеніш саудагерлері "жас қыздың денсаулығына зақым келмегенін" айтты.

Үргеніш қалалық милициясының бір қызметкері мұндай шағын жанжалдар базар аумағында күнде болып тұрады.

Облыстық әкімшіліктің әйелдер ісі жөніндегі маманы Нигора Раджабова РЕН ТВ телеарнасында көрсетілген оқиға болмаған деді. "Бұл жаулардың ойдан құрастырған қастандығы. Хорезм облысында мұндай жағдай ешқашан болмаған", - деп мәлімдеді Раджабова.

XS
SM
MD
LG