Ссылки доступа

Хейли Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуын "соғыс" деп атады


Никки Хейли

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли Ресейдің 2016 жылы америкалық президент сайлауына араласуын "соғыс жүргізу" деп атады.

Бейсенбі күні Джордж Уокер Буш институтындағы конференцияда сөйлеген Хейли: "Бір мемлекет екінші бір мемлекеттің сайлауына аралуы соғысты білдіреді", - деп мәлімдеді. Дипломаттың пікірінше, Ресейдің АҚШ-тағы презденттік науқан кезіндегі әрекеті хаос туғызу үшін жасалған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласқанын мәлімдеген америкалық барлау қызметінің мұндай ұстанымына күмән келтірді.

Америкалық билік Ресей өкілдері мен Трамп сайлау штабының өкілдері келіскен-келіспегенін тергеп жатыр.

XS
SM
MD
LG