Ссылки доступа

Қазақстанда "Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қаражатын жымқыру" ісі сотқа түсті


Қазақстанның Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қаражатын жымқыру қылмысына қатысты істі тергеу аяқталды. Қордың бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев пен оның орынбасары Дабыр Медетбековтың ұсталғаны жыл басында белгілі болған.

Алматы қаласы прокуратурасының хабарлауынша, тергеуден соң 18 қазанда Руслан Ерденаев пен істегі басқа да айыпталушылар, соның ішінде «БузгулАурум» компаниясының құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың да ісі сотқа жолданды. Қордың бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа пара алды деген айып қосылған.

Тергеу нұсқасына қарағанда, БЗЖҚ қызметкерлері қордың «БузгулАурум» облигацияларын алуы туралы келісімге отыру үшін компаниялар басшылықтарынан аса ірі көлемде пара алған. Соның салдарынан мемлекетке бес миллиард теңге шығын келген. Тергеу материалдарында тәуекелді есептеу департаменті «Бузгул Аурум» облигацияларына инвестиция салмау керектігін ескерткені айтылады.

Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына зейнет жасына дейінгі азаматтар зейнетақы үлесін салады. Қордың жеке активтерін инвестициялауды тексеру 2016 жылы 21 желтоқсанда басталды.

XS
SM
MD
LG