Помпео бұл мәлімдемесін бейсенбі күні "Демократияны қорғау қоры" сараптама орталығы қызметкерлерімен кездесуде айтқан.
Дегенмен биыл қаңтарда Ұлттық барлау директораты жариялаған есепте барлау органдары Мәскеудің кибершабуылдары мен үгіт-насихаты сайлау нәтижесіне қалай әсер еткенін бағаламады делінген.
ОББ баспасөз хатшысы Дин Бойдтың айтуынша, елдегі саяси процестер немесе қоғамдық пікір ақуалын барлау қызметі зерттемейді.
Президент Дональд Трамп "өзінің жеңіске жетуіне Ресейдің көмегі тиген жоқ" деп үнемі мәлімдеп жүр.