Ссылки доступа

Түркіменстанда фермерлер ереуілге шықты


Түркіменстанда Лебап облысы Сақар ауданының шаруа қожалығы жұмысшылары ереуілге шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Наразылық білдірушілер мақта терудің екінші кезеңі жүріп жатса да, еңбек ақыларын әлі алмағанын айтады.

Наразылық білдірушілер мақта алқабына Лебап шаруа қожалығының төрағасын шақырған. Ал ол болса, жұмысшыларға төлену керек қаражат Азия ойындарын өткізуге жұмсалып кеткенін айтқан. Бірақ жақын арада айлықты төлейміз деп уәде берген.

Шаруа қожалықтарының жерін жалға алып жұмыс істеушілер еңбек ақыларын алмайынша, жұмысқа шықпаймыз деп талап қойған. Әрі жаппай ереуілге шығатындарын да ескерткен.

Бірақ аудан әкімдігі жұмысшылардың жерін тартып алып, басқа адамдарға береміз деп, сес көрсеткен. Алайда наразылық білдірушілер ақша алмайынша, жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

XS
SM
MD
LG