Ол сонымен бірге Саакашвилидің 20 жақтасын Грузияға депортациялайтынын мәлімдеді. Оның сөздерінше, олар елде заңсыз тұрған әрі мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған
Бас прокурордың ақпаратына қарағанда, Грузия азаматтары "мәдениет қайраткерлері" ретінде тіркелген, ал іс жүзінде Саакашвилидің күзетшілері мен көмекшілері қызметін атқарған. Луценко сонымен қатар қазір бұл адамдардың Украина Жоғарғы Радасы алдындағы демонстранттар лагерінде тұрып жатқанын және "төңкеріс жасауды" жоспарлап жатқанын айтты.
Саакашвили бұған жауабында Жоғарғы Рада алдында наразылық танытып жатқандарға баратынын айтты. Ол оппозицияның барлық жетекшілері мен жақтастарын наразылық акциясына қосылуға шақырды.
Биыл шілденің соңында Петр Порошенко Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған. Грузияда Саакашвилиге қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Саакашвили өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп біледі.