Ссылки доступа

Трамп: Ресей Солтүстік Кореяға қысым көрсетуге кедергі келтірсе, Қытай қолдап отыр


АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Ресей АҚШ-тың Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тартуына мәжбүрлеуіне кедергі келтіріп отыр, Қытай болса Вашингтонның бұл әрекеттерін қолдайды. Fox Business Network басылымына сұхбат берген Трамп АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасы жақсы болса, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын шешуге оңай тиер еді.

Оның айтуынша, "Қытай бізге көмектесіп отыр, ал Ресей басқа жолмен жүріп, біздің әрекеттерімізге кедергі келтірді". Трамп Солтүстік Кореяға экономикалық санкциялармен қысым көрсетуге басқа да елдерді шақыруы туралы осындай пікір білдірді.

Пхеньянның ядролық қаруы мен зымырандарын сынауы және Тармптың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен араздығы Корей түбегіндегі жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Трамп КХДР ядролық бағдарламасын болдырмау үшін Ресей мен Қытайға қысым көрсетуге тырысты. Солтүстік Кореяның басқа елдермен саудада Қытайдың үлесі 90 пайыздан асады.

АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы Ресейдің 2014 Қырымды аннексиялауынан соң салқын тартты. Ақ үй Мәскеуді 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласты, сириялық үкіметті қолдады деп айыптап отыр.

XS
SM
MD
LG