Ссылки доступа

Қырғыз премьері: Қазақстан мәлімдемесіне жауап ретінде біздің де айтарымыз бар


«Қырғыз мемлекеті Бақытжан Сағынтаевтың сөздеріне байланысты арнайы мәлімдеме жасайды. Себебі біздің де айтарымыз бар», - деп мәлімдеді Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков Ереванда (Армения) өткен ЕАЭО үкіметаралық кеңестің отырысында.

"Менің тек бір ғана айтарым, шекарадағы ұзын-сонар кезек екі елдің азаматтарының да ашу-ызасын туғызып отыр. Шекарадан тек ғана қырғыз көліктері емес, қазақстандық, үшінші елдің де көліктері өтеді", - деді қырғыз премьері.

Еске сала кетейік, Қазақстанның үкімет басшысы шекарадағы жағдайға қатысты тексеру әдейі жасалмағанын, бұрыннан бері айтылып келе жатқанын, қырғыз тараптан заң бұзушылықтар орын алатыны дәлелденіп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG