Ссылки доступа

Украина: 40 адам Одессадағы әскери әуежайды басып алмақ болды


Украина әуе күштерінің қолбасшылығы елдің қорғаныс министрлігіне қарайтын Одессадағы әскери жаттығу әуежайын басып алмақ алмақ болды деп мәлімдеді.

Мекеменің хабарлауынша, 29 қазанда қара бетперде киген 40 адам әскери базаны бұзып кіріп, барлық мүлікті алып кеткен.

Ер азаматтар өздерін "CITI Center" ойын-сауық кешенінің қызметкерлеріміз деп түсіндірген. Ойын-сауық кешені бұл оқиғаға әзірге түсініктеме бермеген.

Украина қарулы күші арандатушылық әрекет басқа да әскери бөлімдерде қайталануы мүмкін екендігін ескертті.

Азаттықтың Украина қызметінің жазуынша, таяуда Одесса қалалық кеңесі әскери әуежайдың бір бөлігін жекеменшікке берген. Әлеуметтік желілерде де бұл оқиғаны осымен байланыстырған.

XS
SM
MD
LG