Ссылки доступа

Қырғызстан ОСК президенттік сайлау қорытындыларын жариялады


Қырғызстанның Орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясы 15 қазанда өткен президенттік сайлаудың түпкілікті қорытындыларын жариялады.

ОСК төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов қорытынды хаттаманы оқып берді. Ол бойынша, Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) үміткері 920 мың 620 дауыс (54,22 пайыз), өзін өзі ұсынушы Өмурбек Бабанов - 568 мың 680 дауыс (33,49 пайыз) жинаған.

Үшінді орынды «Бутун Кыргызстан» партиясының төрағасы Адахан Мадумаров алды. ОСК мәліметі бойынша, Мадумаровқа сайлаушылардың 110 мың 284-і (6,57 пайыз) дауыс берген.

«Барлығына қарсы» 12 мың 171 сайлаушы (0,73 пайыз) тіркелген.

XS
SM
MD
LG