Ссылки доступа

БҰҰ-дағылар Өзбекстанның "елеулі бетбұрыс жасауға мүмкіндігі бар" деп есептейді


БҰҰ-ның дін еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы Ахмед Шахид БҰҰ Радиосына берген сұхбар беріп, биыл қазанда Өзбекстанға жасаған он күндік сапарын қорытындылады. Ол бұл "елдің үкіметі қазіргі бағытынан таймаса, елеулі бетбұрыс жасауға мүмкіндігі бар" деп мәлімдеді.

Ахмед Шахидтің мәлімдеуінше, "Өзбекстанда жеке дін еркіндігі жоқтың қасы". "Жоқтың қасы" дейтін себебім, маған кез келген адам басқа дінге өте алады деді. Бірақ қандайда бір дінді ұстану үшін тіркеуден өту керек болады", - деді ол.

Оның пікірінше, коммунистік басқару жылдары Өзбекстанда дін бастамалары күшпен басылған. Соның салдарынан дін саласында интеллектуалды ресурс жоқ болуға шақ қалған, деді Ахмед Шахид.

"Діни сауаттылықты қайта қалпына келтіру қажеттілігі туындаған", - деді БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы. "Өзбекстан әзірге дін тақырыбында ашық пікір-талас жүргізуге дайын емес. Бірақ шартты шаралар емес, дәл осындай ашық талқылаулар ғана экстремистік идеяларға "елек" бола алады", - деді Шахид.

Ол Өзбекстан үкіметінің 16 мың діндар мұсылманды "қара тізімнен" шығару туралы шешімін қолдады. Бұл тізімдегілер құқыққорғау органдарының үнемі бақылауында болған. Ахмед Шахид билікті ұлттық заңдарын Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт ережелеріне сай реттеуге шақырды.

XS
SM
MD
LG