Ссылки доступа

Қырғыз премьері: шекарада қаңтарылған жүк көліктерінің басым бөлігі Қазақстан кәсіпкерлеріне тиесілі


Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков 30 қазандағы жиналыста "қазіргі жағдайда Қазақстанның, Қырғызстанның және үшінші бір елдердің кәсіпкерлері зардап шегіп отыр" деп мәлімдеді. Бұл туралы қырғыз үкіметіннің ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі хабарлады.

Қырғыз премьерінің сөзіне қарағанда, "шекарада қаңтарылған жүк көліктерінің басым бөлігі Қазақстан кәсіпкерлеріне тиесілі екені анықталды".

Дей тұрғанмен, Сапар Исаков қалыптасқан жағдайға қарамастан, Қырғызстан мен Қазақстан халықтарының ағайындығы ажырамайтынын атап өтті. "Қырғызтас дербес, тәуелсіз ел. Ешқандай санкциялар оның саясатын жүргізуіне кедергі бола алмайды", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Уларбека Шаршеевтың хабарлауынша, қазір «Ақ-Тілек» тексеру-өткізу бекетінде 460 ауыр жүк көлігі, ал «Чон капка» және «Чалдовар» бекеттерінде 90 және 16 жүк көлігі тұр.

Исаков ел үкіметі мұндай жағдайда жүк көліктері шекарадан өте алмай тұрған тауар өндірушілерге, жүк тасушыларға және кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керектігін айтты.

XS
SM
MD
LG