Ссылки доступа

Қазақ-өзбек қарым-қатынасы Ташкенттегі форумда талқыланады


Ташкентте 31 қазанда "Өзбекстан-Қазақстан: дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл" халықаралық конференциясы өтеді. Форум екі елдің байланысына ширек ғасыр толу салтанатына арналған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шараны Өзбекстан президенті жанындағы стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты және Қазастан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған.

Конференция жұмысына екі беделді орталық басшылары, Өзбекстанның жоғары лауазымды шенділері, дипломатиялық миссиялар және Өзбекстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

Форумның жалпы отырысында екі елдің саясат, экономика, көлік, сонымен бірге мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестігін одан әрі арттыру мүмкіндіктері сөз болады.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл 16-17 қыркүйекте Ташкентке мемлекеттік сапары барысында екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданған.

Бұл құжатта екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толу салтанатын жоғары деңгейде атап өту тиісті мекемелерге жүктелген.

XS
SM
MD
LG