Ссылки доступа

Путинге қастандық ойластырды деген күдіктінің әйелі Амина Окуеваны Киев түбінде өлтіріп кетті


Амина Окуева (архивное фото)
Амина Окуева (архивное фото)

Украинадағы Киев облысы Глеваха елді-мекенінде автокөлікті атқылау салдарынан Амина Окуева оққа ұшты, ал оның күйеуі Адам Осмаев жараланды, деп хабарлады Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко. Ұлты шешен Осмаев Ресей президенті Владимир Путинге шабуыл ұйымдастырды деген күдікке іліккен.

Қылмыс орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, деді Геращенко.

Биыл маусым айында Осмаев пен Окуевке Киевте шабуыл жасалған. Қылмыскер өзін оларға француздың Le Monde газетінің журналисі ретінде таныстырған. Ол оқ ата бастаған сәтте Окуева оған қарсы тапанша қолданып, жаралаған. Шабуылдаушыдан украиналық төлқұжат табылды, дегенмен ішкі істер министрлігі құжатты жалған, ал шабуылдаушыны ресейлік арнайы қызметке қатысы бар деп есептейді.

Ресейде Осмаевты 2012 жылы президенттік сайлау қарсаңында Путинге қастандық ұйымдастырды деген айыптап отыр.

XS
SM
MD
LG